Matching Pairs СәйкестендірOnline version Сәйкестендір by Uldana Vaisbek 1 Нарықты позициялау 2 Нарықты дамыту стратегиясы 3 Өнім саясаты 4 Сегменттеу 5 Өнімді дамыту стратегиясы 6 Өндірістік бағдарлама 7 Ассортиментті басқару 8 Өнімнің өмірлік циклі 9 Маркетингтік мониторинг 10 SWOT-талдау 11 Бәсекелестік талдау 12 Сауалнама әдісі 13 Тұтынушылық сұраныс 14 Өндірістік қуат Қазіргі нарықтағы тұтынушыларға жаңа немесе жетілдірілген өнім түрлерін ұсыну стратегиясы. Нарықты тұтынушылардың қажеттіліктері, жасы, табысы және мінез-құлқы бойынша топтарға бөлу. Басқа кәсіпорындардың бағасын, өнім сапасын, ассортиментін және нарықтағы әрекеттерін зерттеу. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтау әдісі. Кәсіпорынның қолда бар жабдықтары мен ресурстарын пайдаланып, белгілі бір уақытта өндіре алатын ең жоғары өнім көлемі. Өнімнің сапасын, түрін, қаптамасын және ассортиментін қалыптастыруға бағытталған маркетингтік қызмет. Маркетингтік зерттеу барысында алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесі арқылы тұтынушылардың қажеттіліктері, сатып алу себептері, өнімге көзқарасы мен таңдау ерекшеліктері туралы бастапқы ақпарат алу әдісі. Бұрыннан шығарылатын өнімді жаңа тұтынушыларға немесе жаңа нарықтарға ұсыну арқылы сатуды арттыру. Нарықтағы сұраныс, баға, бәсекелестер және тұтынушылар өзгерістерін жүйелі бақылау. Белгілі бір уақыт аралығында тұтынушылардың нақты баға деңгейінде сатып алуға дайын және қаржылық мүмкіндігі бар тауарлар мен қызметтердің көлемі. Өнімнің нарыққа шығуынан бастап сатылымының өсуі, тұрақтануы және төмендеуіне дейінгі кезеңдер. Өнімнің тұтынушы санасында бәсекелес тауарлардан ерекшеленетін орнын қалыптастыру. Тұтынушылар сұранысына сәйкес өнім түрлерін таңдау, өзгерту және оңтайландыру процесі. Кәсіпорынның белгілі бір мерзімде өндіретін өнім түрлері мен көлемін көрсететін жоспар.