Matching Pairs Игра - сопоставитьOnline version Пословицы и его значение by Сұрақтар базасы 1 Сөз сүйектен өтеді. 2 Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 3 Тіл – қылыштан өткір. 4 Өнер алды – қызыл тіл. 5 Ақыл жастан, маржан тастан. 6 Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 7 Адам болар баланың сөйлегенінен белгілі. 8 Жақсы сөз – жарым ырыс. 9 Жығылғанға – жұдырық. 10 Жаман айтпай жақсы жоқ. Ақылды, дұрыс ойлы болу жасқа қарамай келеді. Ауыздан шыққан сөз адамға қатты әсер етеді. Әзілдеп сөйлесең де, әр сөзіңе жауапкершілікпен қара. Қиындыққа тап болған адамға тағы да қиындық үстеледі. Ең үлкен, ең бағалы өнер – шешендік, дұрыс сөйлеу. Сөз адамның жанын да, көңілін де қатты жаралауы мүмкін. Жылы, жағымды сөз жақсылық пен береке әкеледі. Сөз адамның жүрегіне қатты тиеді, ауыр әсер қалдырады. Теріс сөздің айтылуы адамды сақ болуға шақырады. Баланың мінезі мен болашағы оның сөзінен көрінеді.