КуииззOnline version 5сынып by Асем Уринбекова 1 Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дегеніміз не? a ондық бөлшекті алымы бүтін сан, бөлімі 10, 100, 1000 т.б. болатын жай бөлшек түрінде жазу b ондық бөлшекті алымы бүтін сан, бөлімі 20, 200, 2000 т.б. болатын жай бөлшек түрінде жазу c ондық бөлшекті 1,2 деген санға айналдыру 2 Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру кезінде бөлім қалай анықталады? a Бөлім ондық бөлшектегі үтірге дейінгі цифр санына байланысты анықталады: b Бөлім ондық бөлшектегі үтірден кейінгі цифр санына байланысты анықталады: c Бөлім ондық бөлшектің барлық цифрасы 3 Үтірден кейінгі цифр саны ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға қалай әсер етеді? a Үтірден кейінгі цифр саны алымында неше цифр бар екенін анықтайды. b Үтірден кейінгі цифр саны жай бөлшектің бөлімін анықтайды, яғни ондық бөлшек неше ондық, жүздік, мыңдық үлестерден тұратынын көрсетеді. c Үтірден кейінгі цифр бөлімінде неше бір саны бар екенін анықтайды 4 0,25 ондық бөлшегін жай бөлшекке айналдыр. a 1/25 b 100/25 c 25/100 5 Ондық бөлшектегі үтірден кейін 2 цифр болса, бөлшектің бөлімі неге тең? a 1000 b 200 c 100